Босатылуына 3 ай қалған: Теміртауда тұтқын түрмеден қашып кетті

0
236

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 32 жастағы Жандос Ошанаев түрмеден қашып кеткен.


Босатылуына 3 ай қалған: Теміртауда тұтқын түрмеден қашып кетті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы ең төменгі режимдегі колониядан тұтқын қашып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Алаяқтық жасаған

Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан 32 жастағы Жандос Ошанаев түрмеден қашып кеткен. Ол Қарағандыда тіркелген. Туыстары Теміртауда тұрады.

Бойы – 175 сантиметр. Салмағы – 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ білегінде 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.

Сотталғанның мекен жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы тартылды, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Тергеу басталды

Қызметтік тергеу басталды. Қашқынға жазасын өтеуден жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Төтенше жағдай туғызған лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.

Кейбіреулеріне салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалған.

Босатылуына 3 ай қалған

Тұтқын үш айдан кейін босатылуы керек еді. Бірақ ол жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

Кімде-кім сотталушының қайда екені туралы мәліметті білетін болса, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 87212 30 00 21 нөміріне немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз, – делінген хабарламада.