Б.Сағынтаев: Қаладағы жағдай билік бақылауына алынды

0
459


Б.Сағынтаев: Қаладағы жағдай билік бақылауына алынды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада болған қақтығыс пен экстремистік әрекеттердің артында ішкі және сыртқы арандатушылар тұрғанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір олар ұсталып, бүлік салушылар анықталып жатыр. Қаладағы жағдайды билік бақылауына алды. Мемлекет басшысы Алматы қаласында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім деді қала әкімі.


Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында әкімдік тынбай жұмыс істеп жатыр.