Мұндай сертификат «Қазақстанда жасалған» деген брендті халықаралық сауда нарығына шығару үшін қажет.
ERNUR.KZ. Бұл көлеңкелі экономикадан шығудың тағы бір тетігі дейді сарапшылар. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл бастама тауар сапасының жоғары болуына зор серпін беретінін алға тартады, деп жазады Almaty.tv.
Мәселен, сүттің құрамында бір грамм су болмауы тиіс немесе шұжық тек еттен жасалуы керек деген қағидалар қатаң қадағаланады. Ал, контрафактілік өнімдер айналымнан шығарылады. Экспорттың көлемін арттырып әрі жеткізу жылдамдығын ілгерілетеді дейді ұлттық акредиттеу орталығының мамандары.
«Қазақстанда жасалған» деген брендті халықаралық сауда нарығына шығару үшін де, дәл осы ұлттық акредиттеу орталығының сертификаты кепіл болады. Әйтсе де, саудадағы кейбір кедергілерді жоя алмай отыр екен.
«Біздегі ұлттық акредиттеу орталығы беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болғанымен, іс жүзінде бизнес түрлі кедергілермен бетпе-бет ұшырасып отыр. Әсіресе, сауда айналымында ұлттық аккредиттеу орталығының берген сертификатын мойындау жағынан. Жаңа заң жобасында жаңа механизмдер мен бизнесті ынталандыру тетіктерін қарастырлығаны жөн. Сапаға баға беретін мекеме мен зертханалардың жұмысы жанданып, дұрыс дамуы керек. Сонда ғана, ұлттық акредиттеу орталығының өнімдерге берген сертификатының салмағы болады», – дейді «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт.