Бүгін Астанадағы саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді

0
170

ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде Астанада өтеді.


Бүгін Астанадағы саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында ұйымға мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Үндістан, Иран, Қатар, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Сондай-ақ саммитте ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлейді.
Кездесуге қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады. Ұйымды одан әрі нығайту, саясат, қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін қарастырады деп жоспарланып отыр.
Отырыс барысында мемлекет басшылары сөз сөйлеп, ШЫҰ-ның бас хатшысы Чжан Мин мен ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаевтың баяндамалары тыңдалады.

Қауіпсіздік және диалог

Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Ол саммитте ұйымды одан әрі жетілдіру саласында стратегиялық маңызды шешімдер қабылданады деп күтеді.
"Орта мерзімді перспективада өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды, қазіргі сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге сай және уақтылы ден қою жөнінде бастамалар әзірленді", - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Астанадағы саммитке қатысушылар әлемдік қоғамдастыққа адал және ашық жаһандық диалогты бастауға шақырады. Бұл жаңа қауіпсіздік парадигмасының мәселелеріне де қатысты.

Астанадағы ШЫҰ саммитінде мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан кейін барлығы 24 бірлескен құжатқа қол қою рәсімі өтеді. Ең басты құжат – мемлекет басшылары кеңесінің қорытынды Астана декларациясы.