Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі

0
423

Мереке аясында бүкіл ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланған.


Бүгін Қазақстанда Әкелер күні атап өтіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда Әкелер күнін атап өтуде, деп жазады baq.kz.

Мереке аясында бүкіл ел бойынша 600-ден астам іс-шара жоспарланған. Форумдар, «Әке – менің қорғаным», «Менің әкем – мақтанышым» суреттер конкурсы, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Әкенің тәрбиесін 100 мектеп те бере алмайды» акциясы басталады.

Әкенің баланың өміріндегі, жалпы қоғамдағы рөлі айрықша. Батылдық пен даналықтың үлгісі бола тұра, әке ұрпағын тәрбиелеуге жанын салады. Әке - баланың бірінші қорғаушысы, тәлімгері, ол жауапты, әділ және мықты болуға үйретеді, қиындықтарды еңсеруге көмектеседі, оның қолдауы мен қамқорлығы балаларға сенімділік береді.