Тағы 4 рейс келеді деп күтілуде.
ERNUR.KZ. Соңғы тәулікте елордаға 3 рейспен 274 адам келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Елордаға халықаралық әуежай арқылы келгендерді оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы кезге дейін 18 рейспен жұмыс істедік. Соңғы тәулікте тағы 3 рейспен 274 адам келді. Олардан зертханалық тексеру үшін сынама алынды. Нәтижесін күтудеміз. Бүгін тағы 4 рейс келеді деп күтілуде», - дейді Сәуле Қисықова.