Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

0
252

Ата-баба аманатына адал болу – біздің азаматтық борышымыз.


Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн – жазықсыз жапа шеккен миллиондаған азаматтарымыздың тағдырына тағзым ету күні.

Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде мыңдаған қазақ зиялылары, қоғам қайраткерлері мен қарапайым азаматтар "халық жауы" деген жалған айыппен қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаға тартылды. Сонымен қатар, 1930–1933 жылдар аралығындағы ашаршылық кезінде халықтың үштен бірі қырылып, ұлт үлкен қасіретке ұшырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде: «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.
Бүгінгі ұрпақ – сол зұлмат заманда құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігі мен арманын ұмытпай, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Ата-баба аманатына адал болу – біздің азаматтық борышымыз.