Бүгін Жер бетінде күшті магниттік дауыл болады

0
836

Белгілі болғандай, магниттік дауыл таңғы 6-да басталып, тал түске дейін жалғасады.


Бүгін Жер бетінде күшті магниттік дауыл болады

ERNUR.KZ. Ғарыштық зерттеу институты Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары 24 шілдеде геодауыл болатыны туралы ақпаратты растады, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, магниттік дауыл таңғы 6-да басталып, тал түске дейін жалғасады.

Сондай-ақ ғалымдар магниттік дауылдың деңгейі G1-G2 (ең жоғары — G5) деңгейінде орын алады деп жорамалдап отыр.

Ғалымдардың айтуынша, шілденің қалған күндері тамыз айына дейін магнитосфера қалыпты жағдайда болады.