Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпір салынып жатыр

0
608

Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр.


Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең үлкен көпір салынып жатыр

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Құйған ауылының маңындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы жалғасып жатыр. Көпірдің жалпы ұзындығы – 1316 метр, деп жазады inform.kz.

«Бүгінгі күні көпір тіректерін салу бойынша жұмыстардың 81 %-ы орындалды: 21 тіректің 17-сі орнатылды, қалған 4 тіректі орнату бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сондай-ақ 20 аралық құрылымның 10-ы салынды. Жұмыстарды орындау үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз ететін уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталды. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас қоспасынан жол жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды. Бұдан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын іске асыру үшін барлық қажетті материалдар дайындалды», - деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин.

Жасалып жатқан жоба өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның сәтті аяқталуы Абай және Шығыс Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымын жақсарта түспек.