Бурабай ауданында ресейлік жас әйелдің мәйіті табылды

0
650

Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған.


Бурабай ауданында ресейлік жас әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Щучинск қаласында 1997 жылы туған жас әйелдің денесі табылды, деп жазады Stan.kz.




Мәйіт 11 наурыз күні таңертең "Балдәурен" лагері бағытындағы шлагбаумның жанынан табылды. Басылымның мәліметі бойынша, қайтыс болған Ресей азаматы Татьяна Михайлова екені анықталды . Соңғы екі жылда ол Щучинск қаласында жігітімен бірге тұрды.

Алдыңғы күні түскі ас кезінде ол қаңғыбас иттерді тамақтандыруға кеткен. Жігіттің айтуынша, Татьяна кешкі сағат 19:00-де қоңырау шалып, қатты жаурап қалғанын айтып, оған ыстық ванна дайындауды өтінген. Сонымен қатар қазір үйге баратынын айтты. Алайда, осыдан кейін байланысқа шықпады. Ол алкоголь ішпеген, есепте жоқ.

Ақмола облысының полиция департаменті мәйітті алғашқы тексеру кезінде қандай да бір дене жарақаты анықталмағанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Сараптама нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге үсіп қалғаны себеп болған.