Бурабайда әйелдің күйген денесі табылды: полиция түсінік берді

0
399

Әлеуметтік желіде Бурабай ауданы аумағындағы орман алқабынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жарияланған болатын.


Бурабайда әйелдің күйген денесі табылды: полиция түсінік берді

ERNUR.KZ. Бурабай ауданында әйелдің күйген денесі табылуына байланысты полиция түсінік берді, деп жазады inform.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде Бурабай ауданында әйелді өлтіру дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Жедел–іздестіру іс-шарасы барысында осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін екі күдікті анықталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Бурабай ауданы аумағындағы орман алқабынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы жарияланған болатын. Жазбада әйелді ішімдік ішу кезінде таныстары өлтіріп, артынша орманның ішіне апарып денесін өртегені айтылады.