5 адам курорттық аймақтың су айдындарында құтқарылды.
ERNUR.KZ. Бурабайда елордалық қонақтар құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, катамаранмен және сапбордпен көл бетінде серуендеуге шыққан Астана тұрғындары үлкен толқындардың себебінен жағаға орала алмай қалған.
Ақмола құтқарушылары осылайша қиындыққа тап болған 5 адамды курорттық аймақтың су айдындарында тауып алып құтқарды.
"ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!" - делінген хабарламада.