2025 жылдың қаңтарында 17 жастағы жасөспірім қыздың шақыруымен оның үйіне барған.
Фото: pexels
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде қазақстандық әйелдің шағымы жарияланды. Әйелдің айтуынша, "Беркут" арнайы жасақтың жауынгері 17 жастағы ұлын ұрып, қымбат ұялы телефонын тартып алған, деп жазады zakon.kz.
Автор өз оқиғасымен бөлісіп, істің әділ қаралатынына үміттенгенін жеткізген.
Оның сөзіне қарағанда, 2025 жылдың қаңтарында 17 жастағы жасөспірім қыздың шақыруымен оның үйіне барған.
"Олар оңаша қалғаннан кейін көп ұзамай біреу есікті қағады. Бұл – қыздың ағасы болып шықты, ол "Бүркіт" арнайы бөлімінде қызмет етеді. Қыз жігітке диванның астына жасырынуды айтқан, бірақ ағасы құжаттарын аламын деген сылтаумен кіріп, оны тауып алған. Кейін, ұрып-соғып, қымбат ұялы телефонын тартып алған", – делінген Telegram-арна Qumash-тағы жазбада.
Әйел сот әскеридің жағында болып кетуі мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп, отбасының әділдік пен өтемақыға қол жеткізе алмай қалатынын айтқан.
Әскери соттың баспасөз қызметі істің Ақмола гарнизонында қаралып жатқанын растады.
"Қазіргі таңда іс қарауы жәбірленушінің науқастануына байланысты 2025 жылдың 22 қыркүйегіне қалдырылды", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде 19 жастағы сарбаздың асылып тұрған жерінен табылғаны хабарланған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.