Бұршақ жауып, күн салқындайды

0
2 124

Маңғыстау облысында ғана күн ыстық, жауын-шашынсыз болады.


Бұршақ жауып, күн салқындайды

ERNUR.KZ. Алдағы күндері еліміздің көптеген аймағында найғазай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Синоптиктердің болжауынша, тіпті кей өңірлерде екпінде жел тұруы ықтимал, деп жазады Almaty.tv.

Синоптиктер тек Маңғыстау облысында ғана күн ыстық, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр.

Ал, республикамыздың басым бөлігінде жаз мезгіліне қарамастан, күннің сууына Солтүстік теңіздерден келетін ылғалды әрі салқын ауа әсер етіп отырса керек.

Ауа температурасы көп ұзамай қайта көтеріледі дейді мамандар.