Бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

0
66

44 жастағы әйелді бірнеше ай бойы бұрынғы жігіті мазалаған.


Бұрынғы сүйіктісінің қыр соңынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды

CC0 / /

ERNUR.KZ. Ақмола облысында бұрынғы ғашығының артынан қалмаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті, деп жазады sputnik.kz.
Мезі болған әйел полицияға шағым түсірген. Оқиға Бұланды ауданы Макинск ауылында болған.

"44 жастағы әйелді бірнеше ай бойы бұрынғы жігіті оны мәжбүрлеп қуып, әртүрлі нөмірлерден ұялы телефонына қоңырау шалып, жұмысқа, тұрғылықты жеріне келіп, қоғамдық орындарда "күтетінін" айтып мазалай берген. 38 жастағы ер адам ғашығын әбден үрейлендірген", - дейді ведомство.

Бұған дейін полиция ер адамға жәбірленушіге жақындамау туралы ұйғарым да шығарған. Алайда оған құлақ аспаған. Оған Қылмыстық Кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда жәбірленуші істі тоқтату туралы өтініш беріп, тергеу ары қарай жүргізілмеген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сталкинг жасағаны үшін қылмыстық бап биыл шілдеде енгізілген. Жаңа норма азаматтарды заңсыз қудалаудан қорғауға бағытталған.