БҰҰ басшысы жасанды интеллектінің адамзат өміріндегі рөлін реттеу — қуатты елдердің ғана шаруасы болмауы керектігін айтты.
ERNUR.KZ. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «ШЫҰ+» кездесуінде жасанды зейінді зиянсыз дамыту бағытында бірнеше ұсыныс айтты, деп жазады inform.kz.
«Екінші экзистенциалды қауіп — цифрлық технологиялар. Жасанды зейіннің баршаға тиімді тұрақты дамуды жеделдетудегі әлеуеті зор. Дегенмен, ол күштер теңсіздігін ушықтырып, байлықтың шоғырлануын арттырып, адам құқығын бұзады және шиеленіс пен алауыздықты көбейтеді», — деді ол.
БҰҰ басшысы жасанды интеллектінің адамзат өміріндегі рөлін реттеу — қуатты елдердің ғана шаруасы болмауы керектігін айтты.
«Үкіметтерге шұғыл түрде технологиялық компаниялармен, академиялық ортамен және азаматтық қоғаммен жұмыс істеп, жасанды зейін тәуекелдерін басқару, оның зиянын бәсеңдету жүйесін шұғыл түрде біріздендіру қажет. Бұл тек бай елдердің ғана басым мақсаты болмауы керек. Аталған мәселе барша елдердің қатысуын талап етеді. БҰҰ осының бәрін жүзеге асыру үшін алаң ұсынуға дайын», — деді Антониу Гутерриш.