Былтыр елімізде 158 мың га аумақта су үнемдеу технологиялары енгізілді

0
174

Президенттің су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін 2024 жылдан бастап жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Былтыр елімізде 158 мың га аумақта су үнемдеу технологиялары енгізілді

ERNUR.KZ. Мәселен, фермерлер үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, тариф құнына байланысты суаруға арналған субсидиялардың сараланған мөлшері енгізілді. Яғни, су үнемдеу технологияларын пайдаланатын фермерлер үшін субсидиялар мөлшері 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайса, мұндай технологияларды қолданбайтындар үшін субсидиялау 2024 жылғы 50%-75%-ғ дейін, ал 2026 жылға қарай 30%-55%-ға дейін төмендейді. Сондай-ақ
лазерлік жоспарлаушы бойынша жабдықтың бір бірлігіне ең төменгі норматив бойынша талап жойылды.

«Лазерлік жоспарлау судың бүкіл аумаққа біркелкі таралуына ықпал етеді, бұл су басуды да, құрғақ жерлерді де болдырмауға көмектеседі. Нәтижесінде суаруға қажетті су көлемі азаяды, бұл суармалы суды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл, әсіресе, құрғақ аймақтарға қатысты. Бұл технология елдің күріш алқаптарында белсенді қолданылады. 2024 жылы лазерлік жоспарлаушы шамамен 58 мың га болса, оның 55 мың гектары Қызылорда облысында қолданылған», – деді спикер.

Бұл шаралар 2024 жылы шамамен 158 мың га аумақта су үнемдеу технологияларын енгізуге мүмкіндік берді. Оңтүстік 5 өңірдегі су үнемдеу технологиялары енгізілген жаңа жерлердің ауданы шамамен 91,5 мың гектарды құрайды. Бұл мәселелерді кешенді шешу мақсатында АШМ-нің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын, сондай-ақ суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық салымдар кезіндегі шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бөлігіндегі функциялары Су ресурстары және ирригация министрлігіне берілді.

Субсидиялау процесіне қатысушылар үшін тәуекелдерді барынша азайту үшін Министрлік АШМ-мен бірлесіп қолданыстағы субсидиялау тетігін өзгеріссіз, Бірыңғай мемлекеттік субсидиялау жүйесі арқылы сақтау туралы шешім қабылдады.