Былтыр із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

0
260

Ер адамның бірі Шымкенттегі токсикологиялық орталықтан белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен.


Былтыр із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Былтыр желтоқсанда Алматы мен Шымкентте жоғалып кеткен ер адамдар өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

1976 жылы туған Бегімбетов Мұрат Жайлаубекұлы 2023 жылдың 30 желтоқсанында із-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам Іле ауданы, Комсомол ауылы, Абай көшесі, 46-үй мекенжайындағы үйден шығып кетіп, оралмаған.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адамның денесі 9 мамырда Алматының Алатау ауданында табылған. Басқа мәліметтер берілген жоқ.


1989 жылы туған Мәдібеков Руслан Ерғазыұлы 2023 жылдың 26 желтоқсанында жоғалып кеткен. Сол күні ер адам Шымкенттегі токсикологиялық орталықтан белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Наркологиялық диспансерде және психикалық диспансерде есепте тұрған. Екінші топтағы мүгедек, денесінде күйік іздері бар.

"Табылды. Қаза болған", - деп хабарлады еріктілер. Басқа мәліметтер берілген жоқ.