Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер белгілі болды

0
580

Биыл бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджет шығыстарының сомасы 18,8 трлн теңгеге жоспарланған.


Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер белгілі болды

ERNUR.KZ. 2022 жылдың 7 айында министрліктер 31,4 млрд теңге бюджет қаражатын игермеді, деп жазады inbusiness.kz.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Білім және ғылым (3918 млн тг), Ішкі істер (3912,9 млн тг), Қаржы (2313,5 млн тг), Төтенше жағдайлар (1377,5 млн тг), Ақпарат және қоғамдық даму (926,3 млн тг) министрліктерінде байқалды.

Оның негізгі себептеріне шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, атқарылған жұмыс актілері, шот-фактураларды, төлем шоттарын уақытында ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеуді жүргізу, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы жатады.

Биыл бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджет шығыстарының сомасы 18,8 трлн теңгеге жоспарланған. Қаңтар-шілде айларында мемлекеттік бюджеттің шығыстары 10,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға артық.

Атқарылмау 41 млрд теңгені құраған, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу – 9,6 млрд теңге, игерілмегені – 31,4 млрд теңге.