​«Халықтық құрылыс»: Қазақстанда спорт нысандарының құрылысы қарқын алады

0
150

2027 жылы Мемлекет басшысы жариялаған Халықтық ауқымды құрылыс жылы аясында өңірлерде әлеуметтік маңызы бар нысандар, соның ішінде спорт нысандары салынып, жөнделеді.


​«Халықтық құрылыс»: Қазақстанда спорт нысандарының құрылысы қарқын алады

ERNUR.KZ. Құрылыс басталғанға дейін әр өңірдің осындай нысандарға нақты қажеттілігін анықтау қажет. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта елімізде 26 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінде халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтылу деңгейі 59,6%-ды құрайды. Тұжырымдамаға сәйкес, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 65%-ға жеткізу жоспарланған. 2026 жылы 121 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Осы күнге дейін 69 нысан пайдалануға берілді. Оның 51-і – ауылда. Жыл соңына дейін 52 спорт нысаны пайдалануға беріледі», – деді спикер.

Сонымен қатар, қолданыстағы спорт нысандарын жаңарту және салу жұмыстары жүргізілуде.