Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области
ERNUR.KZ. Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп жазады sputnik.kz.
2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.
"Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекет бюджетіне 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, дейді прокуратурада.


