БЖЗҚ-дан ұрланған ақшаға 15 элиталық көлік пен қымбат бұйымдар алынған

0
161

15 қыркүйекте ҚМА жалған стоматологиялық клиникалар арқылы 200 млрд теңгеден астам қаржының БЖЗҚ-дан шығарылғанын мәлімдеді.


БЖЗҚ-дан ұрланған ақшаға 15 элиталық көлік пен қымбат бұйымдар алынған

Сурет: Instagram/afm_rk

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 22 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Атырау облысында әшкереленген зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару бойынша ауқымды схемаларға қатысты бейнематериал жариялады, деп жазады zakon.kz.

Instagram желісінде жарияланған кадрларда ҚМА БЖЗҚ-дан заңсыз шығарылған ақшаға алынған элиталық автокөліктерді көрсетті.

Олардың ішінде:

  • Mercedes-Benz G63
  • BMW XM 50e
  • BMW X7
  • Cadillac Escalade
  • BMW 7 Series
  • Mercedes-Benz GLS 450
  • Porsche Taycan
  • BMW X5
  • Toyota Land Cruiser 200
  • Lexus ES 300h және басқалары бар.

ҚМА-ның мәліметінше, 200 млрд теңгеден астам қаржы жалған клиникалар мен 226 дроппер арқылы ("Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" – Ред.) шығарылған. Салымшылардың ақшасына күдіктілер 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық автокөлік, брендтік зергерлік бұйымдар, сондай-ақ коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.

Агенттіктің баспасөз қызметі атап өткендей, қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру жалғасуда.

Еске сала кетейік:

11 қыркүйекте қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалана алмайтыны белгілі болды. "Отбасы банкінде" 15 қыркүйектен бастап мұндай өтініштерді қабылдау тоқтатылғанын нақтылады.

15 қыркүйекте ҚМА жалған стоматологиялық клиникалар арқылы 200 млрд теңгеден астам қаржының БЖЗҚ-дан шығарылғанын мәлімдеді.

Бұл ақшаға 600 млн теңгеден асатын 15 элиталық автокөлік, брендтік әшекейлер, коммерциялық нысандар, пәтерлер және жер телімдері алынған.

16 қыркүйекте Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану мәселесіне қатысты түсініктеме берді.