БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін онлайн алуға болады

0
472

Қызметтерді онлайн режимде enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында алуға болады.


БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін онлайн алуға болады

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы ретте «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық – Қор салымшыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі. 2022 жылы қор қызметтерін көрсету барысында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің санына пошта операторының тағы 27 бөлімшесі қосылып, 376-ға дейін ұлғайтылды. Бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына, қажет болған жағдайда, өздерінің жеке деректеріне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың неғұрлым танымал әрі ыңғайлы тәсілін нақтылап, таңдауға мүмкіндік береді.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобасының арқасында 2019-2022 жылдар аралығында салымшыларға (алушыларға) 35 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 11 мыңнан астам салымшы электрондық хабарлау тәсілін таңдады. 23 мыңнан астам адам жеке деректемелерін өзектендірді. БЖЗҚ қызметтеріне ең көп сұраныс Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде қордың салымшылары (алушылары) келесі қызметтерді алады:

- салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелерін, телефон нөмірін, электрондық және пошталық мекенжайларын) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру;

- хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою («электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы» және «электрондық пошта арқылы» тәсілдеріне өзгерту).

Қосымша деректер мен ақпараттандыру тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімін enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз.

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында алуға болады.

"БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді", - делінген жазбада.