Күдікті колония басшысы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының полиция департаменті террорист Руслан Қүлекбаев пен экс-шекарашы Владислав Челах жазасын өтеп жатқан "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталғанын мәлімдеді, - деп жазады tengrinews.kz.
ПД баспасөз қызметі өкілі бірлескен операцияны Қостанай облысы ПД ҰҚКД және ӨҚБ қызметкерлері жүргізгенін хабарлады.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің басшысы колониядағы сотталушыға қамқорлық жасағаны үшін пара алғаннан кейін ұсталды.
"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің "Пара алу" бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Қостанай уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Еске салайық, күдікті колония басшысы болып өткен жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.
Бұл мекемеде әріптестерін жаппай өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Владислав Челах жазасын өтеп жатыр.