«Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын Қытай азаматы ұйымдастырған

0
429

Компанияға тартылған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асады.


«Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын Қытай азаматы ұйымдастырған

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан аумағында «Chia Tai Tianqing» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісін тіркеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Агенттіктің 17 аумақтық департаменті қаржылық пирамиданы құру және басқару фактісі бойынша 17 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар 2022 жылдың шілдесінен бері жұмыс істеп келеді және фармацевтикалық зауыт құрылысына инвестиция салу, сондай-ақ тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамытуға инвестиция салу желеуімен инвесторлардан қаражат тартып келеді.

«Chia Tai Tianqing» Қазақстанда заңды тұлға ретінде тіркелмеген. Болжам бойынша, қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен Қытай азаматы. Алматы қаласының аумағында Қазақстанның үш азаматы компанияның заңсыз қызметін насихаттаумен айналысқан. Олардың жеке басы анықталды. Олар инвесторларға компанияға салынған инвестициядан жоғары қайтарым алуға уәде берген», - делінген ҚМА хабарламасында.

Жаңа салымшыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде сыйақы беруді уәде еткен.

«Салымшыларға қаражаттың қабылданғанын растайтын құжаттар ұсынылмайды, келісімшарт жасалмайды. Компанияның жұмысы жасырылған, Қытайдың белгілі «Chia Tai Tianqing» компаниясының логотипі қолданылған, ал олардың қытайлық компанияның қызметіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл компанияға тартылған қаражат көлемі, алдын ала мәлімет бойынша, 7 млрд теңгеден асады», - делінген хабарламада.

Өткен аптада Алматы қаласы департаментіне жәбірленушілерден аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 200-ден астам өтініш келіп түскен.

«Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп күдіктелген үш жетекшінің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.