Cотта Салтанат Нүкенованы мейрамхананың дәлізінде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео көрсетілді (18+ видео)

0
1 062

Сот залында көрсетілген кадрлардан ерлі-зайыптылардың лифттен қалай шыққаны және Бишімбаевтың Нүкенованың шашынан ұстап, қолымен ұрып, алған соққыдан әйелінің құлап қалғаны көрсетілген.


Cотта Салтанат Нүкенованы мейрамхананың дәлізінде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео көрсетілді (18+ видео)

ERNUR.KZ. Қуандық Бишімбаевтың соты барысында "Бао" мейрамханасының дәлізінде Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видеоматериалдар көрсетілді, деп жазады stan.kz.

Сот залында көрсетілген кадрлардан ерлі-зайыптылардың лифттен қалай шыққаны және Бишімбаевтың Нүкенованың шашынан ұстап, қолымен ұрып, алған соққыдан әйелінің құлап қалғаны көрсетілген. Сосын оны төрт рет тепкілеген. Осыдан кейін ол тағы да оның шашынан тартып, көтеріп, бетінен қолмен ұрады. Содан кейін тағы бір соққы жұмсайды. Нүкенованы шашынан сүйреп дәретханаға, содан кейін дәл солай - шашынан сүйреген күйі VIP кабинаға алып кетеді.

Осылай жұдырық жұмсау екі минутқа созылады. Нүкенова бұл кезде қарсыласуға тырыспайды және Бишімбаевқа қарсы ұмтылмағанын анық көруге болады. Керісінше ол соққыдан сақтану үшін бұғып, Бишімбаевтан қашуға тырысқанын байқау қиын емес.

Адвокатының нақтылау сұрағына Бишімбаев тағы да әйелін "тек алақанымен ұрғанын" айтты.

Видео көрсетілген сон Бишімбаевтың адвокаты одан "Неліктен Нүкенованың басынан теуіп, жұдырықпен ұрмадыңыз" деген сұрақ қояды. Алайда судья бұл сауалды тыйып тастайды.

"Дәлізде ұрып жатқан видеода оның бөксесінен және бетінен алақанмен ұрғаныңыз көрінеді. Нүкенованың басынан неге теуіп жұдырықпен ұрмадыңыз?", - деп сұрайды адвокат.

Алайда кейін адвокат бұл сауалды қою себебін "Бишімбаевтың оның денсаулығына ауыр зиян келтіру ниеті болмағанын, сондықтан оны ұрмағанын түсіндіргім келді" деп ұғындырғысы келді.