COVID-19-дан кейін тері аурулары асқынуы мүмкін – Дерматолог

0
2 032

Маманның сөзінше, науқас белсенді түрде ем алып, вирустың немесе дәрілердің кесірінен интоксикация байқалса, теріде өзгерістер байқалуы мүмкін.


COVID-19-дан кейін тері аурулары асқынуы мүмкін – Дерматолог

ERNUR.KZ. Дерматолог, косметолог Ирина Котова коронавируспен ауырып шыққаннан кейін тері ауруларының күшейіп кететінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

"Егер адам аурудан ұзақ уақыт емделсе, COVID-19-дан кейін барлығы асқынады", – деді дерматолог.

Дерматологтың айтуынша, бұл жағдайда көбінесе псориаз, жалпақ теміреткі мен себореялық дерматит пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі типтегі аллергиялық аурулар шығуы мүмкін. Қауіпті төмендету үшін маман детоксикациядан кейін ағзаны тазартып, қалпына келтіруге кеңес береді.

Сондай-ақ, дерматолог Алексей Семочкин коронавирустан кейінгі шаш түсуді тоқтатудың жолын айтты. Айтуынша, науқастардан мұндай шағымдар COVID-19-дан жазылып шыққаннан кейін 2-3 айдан кейін түседі. Дәрігер тері жағдайын жақсарту және шаштың түсуін тоқтату үшін автоплазмалы терапия қажет екенін айтады. Яғни науқастың өз қанын өзіне плазмалау керек.