COVID-19-ға қарсы вакцина балаларға салына ма? Бекшин жауабы

0
557

Ресейде 12-17 жастағы жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасын егудің алдын-ала мерзімдері жарияланды.


COVID-19-ға қарсы вакцина балаларға салына ма? Бекшин жауабы

ERNUR.KZ. Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларды вакциналау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бекшин Қазақстанда 18 жасқа толмаған адамдарды вакцинациялау қарастырылмаған деп мәлімдеді.

"Елдегі барлық вакциналармен вакцинация тек 18 жастан асқан азаматтар арасында жасалады. Бұл халық арасында дүрбелеңге әкеп соғатын қауесет. Балаларды коронавирусқа қарсы вакциналауды білдіретін ресми құжат жоқ. Ол априори жоқ, сондықтан мен осы қауесетті таратуды тоқтатуды сұраймын. Бұл алауыздық туғызу үшін жасалған. Аналарымыз алаңдауы үшін жасалып отыр", - деді Алматының бас санитария дәрігері брифингте.

Айта кетейік, Ресейде 12-17 жастағы жасөспірімдерге "Спутник V" вакцинасын егудің алдын-ала мерзімдері жарияланды. Иммундау 20 қыркүйектен басталады деп жоспарланған.