«Дәптерін үйде ұмытып кеткен»: мұғалім оқушыны соққыға жыққаны туралы видео жарияланды

0
288

Видео abdulla_kzkz Instagram парақшасында жарияланды.


«Дәптерін үйде ұмытып кеткен»: мұғалім оқушыны соққыға жыққаны туралы видео жарияланды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының анасы мұғалімнің баласын ұрғанына шағымданғаны туралы видео жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видео abdulla_kzkz Instagram парақшасында жарияланды.

«Баламды мұғалім үшінші рет ұрды. Үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін баламды арнайы ұрып тастапты. Бұл бірінші рет емес, әр нәрсенің өз шегі болады ғой, сонша батырып ұрғаны несі.
Арыз жазып, мектептен шығарттырайын десем, мұғалімнің енесі кешірім сұрап келіп тұр, жас келін, бір ашуыңды берші, енді ұрса өзім айналысамын деп. Кешірсем бе әлде кешірмесем бе?» - дейді оқушының анасы.