Дауыл, жаңбыр және бұршақ: алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

0
1 249

Бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланды.


Дауыл, жаңбыр және бұршақ: алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

"Қазгидромет" орталығы мамандары 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдағы үш күннің синоптикалық жағдайы суық циклонмен анықталады. Қазақстанның солтүстік жартысы күзге енгендей болады.

Күзгі температурамен бірге жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағаймен, дауыл желмен сүйемелденетін қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Түнде және таңертең кей жерлерде тұман байқалатын болады. Күндіз ауа температурасы 15....20 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде де өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура 22.....30-дан 30…. 35 жылыға дейін көтеріледі.


Дабылды ескерту

17-18 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Қарағандыда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Көкшетауда найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, күші, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

17, 18 тамызда Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік–батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

17 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 17 тамызда Атырау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.