Декларацияны дұрыс тапсырмаған азаматтарды қандай жаза күтеді?

0
483

Спикер салық салу объектілерін жасырған үшін қандай жаза күтетінін атап өтті.


Декларацияны дұрыс тапсырмаған азаматтарды қандай жаза күтеді?

ERNUR.KZ. Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова декларацияны дұрыс тапсырмаған тұлғалар қандай әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Декларацияны ұсынбағаны үшін бір жылда бірінші рет – ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 55 380 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда азамат толық емес немесе сенімсіз ақпаратты ұсынғаны үшін бірінші рет ескерту алады, ал қайталап бұзса, 11 076 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл төлейді, - деді ол "Жалпыға бірдей декларациялаудың" III-кезеңіне қатысты өткен семинарда.

Сондай-ақ спикер салық салу объектілерін жасырған үшін қандай жаза күтетінін атап өтті.

Бір жыл ішінде бірінші рет – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – төленбеген салық сомасының 300 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады, - деді Құсайынова.