Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты, тыныш және құрғақ ауа райы сақталады.
"Қазгидромет" орталығы синоптиктері 15-17 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты, тыныш және құрғақ ауа райы сақталады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында түнде температуралық фонның 8....16-ға дейін, күндіз 25....33-ға дейін, Батыс және оңтүстік аймақтарда түнде 12....20-ға дейін, күндіз 28....36-ға дейін көтерілуі болжануда.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
15 мамырда Шығыс Қазақстан облысында түнгі уақытта үсік жүретіндіктен, топырақ беті 1 градусқа дейін қатуы мүмкін.