Денсаулық сақтау министрлігі бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады

0
679

Цой 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мың адам тест тапсыратындай жағдай жасалатынын хабарлады.


Денсаулық сақтау министрлігі бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикалық бюджеттен ПТР-тест үшін тағы 42 миллиард теңге сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

Цой 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мың адам тест тапсыратындай жағдай жасалатынын хабарлады. 1 қыркүйекке дейін ДСМ және жергілікті атқарушы органдардың зертханаларын жабдықтауды ескере отырып, тәулігіне 64 мыңға дейін тест жасалады.

"Сонымен бірге ПТР-тестілеу қызметін төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу керек. 170 миллион теңге зерттеуге тартылған 67 ветеринарлық зертхана мамандарының ақысын төлеуге жұмсалады", - деп қосты Цой.

Оның айтуынша, облыс әкімдері көлік бөлуі керек және ауылдық жерлерге дейін зерттеу материалдарын жеткізу қызметін төлеуі қажет.