Қазақстандықтар бүгінде қаржы институттарына 7 триллион теңгеден астам қарыз.
ERNUR.KZ. Банктердің алдында халықтың мүддесін қорғайтын арнайы бап керек. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң жобасын талқылау барысында жасады, деп жазады Atameken Business.
Оның айтуынша, қазақстандықтар бүгінде қаржы институттарға 7 триллион теңгеден астам қаржы өтеуге мәжбүр күй кешуде.