Дәулет Мұқаев мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік көлік жайлы да айтып өтті.
ERNUR.KZ. Депутат Дәулет Мұқаев "Battle сөз" бағдарламасында мемлекеттік қызметтегі жалақысы туралы жасырмай айтты деп жазады Stan.kz.
“Аванс ретінде беріледі екен. Оның барлығы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Мен осы уақытқа дейін ешбір мемлекеттік қызметте болмадым. Блогер болдым, одан телеарнада жұмыс істедім. Сол аванс 20 күнге шамамен 371 мың теңге түсті”, – дейді Мәжіліс депутаты.
Дәулет Мұқаев мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік көлік жайлы да айтып өтті.
“Көпшілік депутаттың жеке жүргізушісі, жеке көлігі болады деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес. Қызметтік көлікті жұмыс бабымен ғана пайдаланамыз. Ал сенбі, жексенбі пайдаланған жағдайда тариф 5 мың теңге деп бекітілген. Кәдімгі такси жалдағандай боласың. Оның өзінде салыстырмалы түрде 5 мың қымбат”, – дейді мемлекеттік қызметкер.