Алдын ала мәлімет бойынша, оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген айып тағылған.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген айып тағылған.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің (Дики Арман) қасында болған. Бұл туралы әлеуметтік желіде түрлі видеолар тарады. Ол бұған дейін куәгер ретінде жауап алуға шақырылған еді.
Елге "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмағалдиев те Нұр-Сұлтан қалалық сотының шешімімен қамауда отыр. Ол 7-ші қаңтарда ұсталды. 5 адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда өткен арнайы операция барысында қолға түскен еді. Күдіктілерді тінту кезінде суық қаруланғаны әшкере болды.