Депутат соңғы уақытта балабақшалар мен бастауыш мектептерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты көптеген шағым түсіп жатқанын айтты.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов ата-аналар балабақша мен мектептегі ас-ауқатқа жиі шағымданатынын айтты. Бұл мәселені ол депутаттық сауалында көтерді, деп жазады zakon.kz.
Депутат соңғы уақытта балабақшалар мен бастауыш мектептерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты көптеген шағым түсіп жатқанын айтты.
"Жақында бізге хабарласқан бір елордалық балабақшаның ата-аналары балалар рационының көңіл көншітпейтініне шағымданды. Нәтижесінде балабақша жеткізушілерге 5 миллион теңгеге жуық қарыз екені белгілі болды. Осы мәселе бойынша біз Астана қаласы білім басқармасының басшысына жүгіндік. Оның айтуынша, қазір мұндай фактілер бойынша үш қылмыстық іс қозғалған".Асхат Рахымжанов
"Бірақ алаңдатарлығы, мұндай жағдайлар осы салада тыйылмай отырған сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Мектептерде балалар тамақтың сапасына шағымданады. Көбісі тамақ ішпейді. Кейде мектеп басшылығы ата-аналар комитетіне хабарласып, мектеп асханаларын тексеруін сұрайды. Ата-аналар келерде бар дәмдісін ортаға қойып, алдын ала дайындалады. Сосын баяғы жартас сол жартас күйінде қалады. Жағдай жылдан жылға нашарлап барады, мектеп немесе балабақша басшылығы мен жеткізушілер арасында өзара сыбайластық дамып келеді. Біз уәкілетті білім беру органдарының да бұл жүйеде екенін жоққа шығармаймыз".Асхат Рахымжанов
Депутат қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын тексеру үшін қоғам, ҮЕҰ, саяси партиялардың қатысуымен тұрақты негізде республикалық комиссия құруды талап етті..Сондай-ақ комиссияға білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің басшыларын ескертпестен мектептер мен балабақшаларды тексеруге рұқсат беру керек екенін баса айтты.