Депутат пайдаланылмаған МӘМС төлемдерін қазақстандықтарға қайтаруды ұсынды

0
353

Депутат Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Гиниятқа сауал жолдады. Ол елдегі цифрландыру үдерісін қайта қарау қажет екеін айтты.


Депутат пайдаланылмаған МӘМС төлемдерін қазақстандықтарға қайтаруды ұсынды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов медициналық ұйымдарға жүгінбеген қазақстандықтарға Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлем жалпы сомасының 50 пайызын өтеуді ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Депутат Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов пен денсаулық сақтау министрі Ажар Гиниятқа сауал жолдады. Ол елдегі цифрландыру үдерісін қайта қарау қажет екеін айтты.

"Жақында Президент мемлекет меншік иелерінің бірлестік жүйесінде қате жібергенін айтты. Менің ойымша, аббревиатурасы тіптен ұқсас МӘМС жүйесін де осы санатқа қосу керек. Осы уақытқа дейін мемлекетіміз бұл жүйеге келе алмаған. Қазақстанның ең ірі екі қаласын жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ете алмай отыр. Алыс аймақтағыларды айтпағанда. Жағдайды байсалды түрде қарастырайық. Мұны халықаралық рейтингтер де растап отыр", - деді депутат Асхат Рахымжанов.

Мәжілісменнің айтуынша, шенеуніктер "жарқын болашаққа" уәде бергенімен, елде адамдар сапалы медициналық қызметті уақытында алма алмағындықтан өлім саны артып отыр.

"Қазақстанда әрбір алтыншы адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс екенін бізден де жақсы білесіз. Ал басым көпшілігі ауыл тұрғындары. Оларға медициналық қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Себебі біздің азаматтар өз елінде ақшасы болмаса ешкімге қажет емес. Олигархтар ауылдарды тонап болды. Ауыл тұрғындары, шын мәнінде басыбайлы режимдегідей, еңбек шартын тіркемей жұмыс істейді. Сондықтан емханаға қабылданбайды, өйткені олар үшін осы медициналық сақтандыру қорына ешкім қаражат ұстамайды", - деді депутат.

Мәжілісмен CEOWORLD журналының деректеріне сілтеме жасап, Қазақстан сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 89 ел ішінде 82-орында екенін айтты. Ол 15 пайыздан аспайтын қазақстандық ғана МӘМС жүйесін пайдаланатынын мәлімдеді.

"Неге ол өз денсаулығын ойлайтын азаматтар осы шығындарды төлеуі тиіс? Дәрігерлерге бару маңызды емес, бірақ төлеу керек. Айына 14 000 теңгенің рұқсат етілген ең жоғары жарнасымен қазақстандықтар шамамен төлейді. Олар ауырса да, ауырмаса да жылына 170 000 теңге. Ал анда-санда ауырып қалатын болса, мемлекеттік емханалардағы кешігуіне уақыт жоғалтпау үшін жеке дәрігерлерге жүгінгенді жөн көреді. Сонымен, біздің мемлекеттік үлгі қазақстандықтарды ауруға итермелейді ме? Неге дені сау азаматтар жиі ауыратындардың қызмет ақысын төлеуі керек?", - деп ашуланды депутат.

Депутат салауатты өмір салтын ынталандыру мақсатында бір жыл бойы бірде-бір рет дәрігерлерге бармаған қазақстандықтарға міндетті медициналық сақтандыру бойынша шығындардың 50 пайызын өтеуді ұсынды.

"Олар бұл қаражатты өз қалауынша жұмсауға құқылы. Мүмкін, жекеменшік медициналық ұйымдарда міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енбеген аурулардың алдын алу үшін шығар. Міндетті медициналық сақтандырудан қанша ақша жиналғанын егжей-тегжейлі айтып беріңізші. Сақтандыру 2017 жылдан бастап, іске қосылған сәттен бастап және олардың қайда жұмсалғаны МӘМС қаражатын пайдалану бойынша толық аудит жүргізу қажет деп санаймын. Медициналық қызмет тарифіне не кіретіні тіпті шенеуніктерге де құпия. Тарифтердің қалай есептелетінін Қаржы министрлігі де білмейді. Денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді көтеру бойынша барлық шешімдерді тәуелсіз сараптамасыз өз бетінше қабылдайды. Бұл жерде тек бақылаушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға көбірек ашықтық қажет", - деді депутат.