Депутат: Саунадағы балалар лагеріне мемлекеттен 107,8 млн теңге бөлінген

0
584

Депутат 17 шілдеде сауна аумағында орналасқан лагерьде болды.


Депутат: Саунадағы балалар лагеріне мемлекеттен 107,8 млн теңге бөлінген

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұргүл Тау «Арман дала» балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінгенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Нұргүл Тау 17 шілдеде сауна аумағында орналасқан лагерьде болды.

Оның айтуынша, балалар лагерінде балалардың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген.

"Қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 миллион теңге. Жоспар бойынша 1150 бала жазғы демалыспен қамтылуы тиіс", - деп жазды Нұргүл Тау Instagram парақшасында.

Алматыдағы әлеуметтік осал отбасылардың балалары балалар лагеріне тегін жолдама алды. Алайда олардың демалысы қорқынышты түске айналды. Белгілі болғандай, мектеп оқушылары сауна ғимаратына орналастырылған. Енді білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа бермек, Алматы прокуратурасы тексеру жұмыстарын бастады.