Жыл сайын бізде 40-50 мың адам баспана кезегіне тұрады.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында кедей отбасыларды орта тапқа қосу жайлы айтты, деп жазады baq.kz.
Жыл сайын бізде 40-50 мың адам баспана кезегіне тұрады. Жыл сайын әлеуметтік осал топтарға 9 мың баспана беріледі. 640 мыңның пайыздық көрсеткіші бойынша бұл 1,5 пайызды құрайды. Бұлай біз мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан қосымша қаражат қарастыру керек. Егер осыған дейін жемқорлардың қаржысына мектеп салынса, ол қаражатқа баспана салуды ұсынамын. Үкіметтен көп әріптесіміз Еуропада тұрғындар жалдамалы пәтерде тұратынын айтады. Бірақ біз басқа мемлекетпіз ғой. 640 мың адамның 250 мыңы кедей тұрады. Олардың қаражаты тек жалға алатын пәтерге ғана төлейді. Егер біз оларды қолдап, орта тапқа қоспасақ, олар экономикалық еркін бола алмайды, - деді депутат Мәжілістің кулуарында.
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев оларды кедейлердің қатарынан шығару бойынша жұмыс істеу керегін атап өтті.
Қазір бөлініп жатқан 70-80 млрд теңге қаражат - өте аз. Әкімдіктерге халықтан әртүрлі шағымдар көп түседі. «Отбасы банкке» мониторингтік қосып беру жемқорлық рискін азайтуға мүмкіндік береді. «Отбасы банк» соңғы уақытта цифрландыруды күшейтті, - деді ол.
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанын еске сала кетейік.