22 наурыз күні Мәскеудегі концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келген.
ERNUR.KZ. Димаш Құдайберген Кремль сарайында екі күн қатарынан өткен концертіне көмек көрсеткен адамдарға ризашылығын білдірді, деп жазады inform.kz.
«Рахмет, Мәскеу! Екі күн қатарынан Кремльде аншлаг болды! Сіздер үшін өнер көрсеткенім үшін бақыттымын. Осы жобамен жұмыс істеген барлық адамдарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін «1 каналда» (Ресей телеарнасы-авт) кездесеміз», - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, 22 наурыз күні Мәскеудегі концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келген. Құрметті қонақтар арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі, Ресей премьер-министрінің жұбайы, эстрада жұлдыздары және өзге де беделді азаматтар болған.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертінен бір күн бұрын әлемнің 56 елінен 400-ден астам жанкүйер Мәскеуде pre-party-де бас қосқан еді.