​Дүниежүзілік банк Қазақстандағы кедейлік деңгейіне қатысты пікір білдірді

0
2 091

Қазақстанда соңғы 20 жылда кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендеді.


​Дүниежүзілік банк Қазақстандағы кедейлік деңгейіне қатысты пікір білдірді

фото (7kun.kz)

Қазақстанда соңғы 20 жылда кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл жөнінде Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 барысындағы экономикалық теңсіздік тақырыбына арналған панельдік сессияда Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Біз проблемаларды талқылаған кезде, міндетті түрде, теңсіздік пен кедейлік проблемасын көтереміз. Қазір әлемдік өнімнің шығуы ұлғайып жатыр және көптеген адамдарда кедейліктен шығу мүмкіндігі болды. Менің ойымша, халықта кедейліктен шығу мүмкіндігі мен жолдары болмауы салдарынан көптеген елдерде шиеленістер мен қақтығыстар орын алып жатыр. Қазақстанда соңғы екі онжылдықта кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Алайда, сіздерде кедейлікке қатысты біршама мәселелер бар. Оларды шешу үшін Қазақстан өз халқының 65 процентін құрайтын орта тұрақты дамушы орта тапқа мән беруі керек», - деді Ато Браун.

Сонымен қатар, қаржы ұйымының еліміздегі тұрақты өкілі атап өткендей, Дүниежүзілік банк өз зерттеулерін жүргізіп, кедейліктің көзін жою мәселесін қарастырған өте кедей көптеген елдерде де соңғы жиырма жылда бірмаша өсім байқалады.

«Барлық кезде орта тапқа үлкен назар аудару қажет. Бұл қандай кедергілерді жойып, адамдар қандай да бір мүмкіндіктерден жұрдай кедейлік секілді қақпанда қалып қоймауының әдістерін дамыту қажет. Кедейлік белең алып, мұндай қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі жоқ елдердегі адамдар экстремизмге бейім болып, қақтығыстар туындайды», - деді Дүниежүзілік банк өкілі.