ДНҚ сараптамасының көмегімен екі облыста 30 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды

0
117

Қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр.


ДНҚ сараптамасының көмегімен екі облыста 30 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды

фото: Скриншот видео МВД Казахстана

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері жүргізілген ауыр және аса ауыр қылмыстарға жасалған талдаудың қорытындысын шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Анықталған қылмыстың басым бөлігі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген. Бұл қылмыстар заманауи технологияның көмегімен ашылып жатыр. Министрлік базасындағы молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істеп тұр.
"Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәсін мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар мен Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды", - дейді ІІМ департамент бастығы Сергей Стихеев.
Айтуларынша, ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр.
Заңды өрескел бұзған әрбір адам ерте ме, кеш пе анықталып, жауапқа тартылады, дейді полиция.