Доллар бағамы тағы арзандады

0
443

Ұлттық банк доллардың 25 мамырдағы ресми бағамын жариялады.


Доллар бағамы тағы арзандады

ERNUR.KZ. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп жазады ҚазАқпарат.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 мамыр кешімен салыстырғанда 1,21 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 37 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 427,43 теңге, сатып алу – 425,88 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427,11 теңгеден болса, ал сатып алу – 426, 04 теңгені құрайды.

Еске салсақ, Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,86 теңге болған еді.