Доллар бір тәулікте 4 теңгеге әлсіреді

0
1 746

Валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 383 теңге


Доллар бір тәулікте 4 теңгеге әлсіреді

ERNUR.KZ. Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 378,84 теңгені құрады. 24 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (382,66 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 3,82 теңгеге нығайды, деп жазады 7kun.kz.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 383 теңге, Алматыда — 382 теңге.

Ұлттық Банктің 25 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 381,56 теңгені құрайды.