Доллар шарықтап кетті - Ұлттық банк мәлімдеме жасады

0
232

Биржа саудасы бір доллар үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр.


Доллар шарықтап кетті - Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Таңертең Қазақстанда доллар бағамы ақша айырбастау орындарында 518-520 теңгеге жетті, деп жазады sputnik.kz.
Күндіз ол 528 теңгеге дейін көтерілді. Сондықтан Ұлттық банк бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді.
Хабарламада сыртқы да, ішкі де факторлардың валюта бағамына кері әсер ететіні айтылған.
Сыртқы фактор – дамушы нарық валюталарының жағымсыз қарқыны АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат тауарлары құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында дамып отыр.
"Қуатты доллар дәстүрлі түрде шикізат тауарлары үшін жағымсыз фактор болып табылады. Сондай-ақ мұнай бағасының құбылмалылы жоғарылады, экономистердің Трамптың президент болуы кезінде әлеуетті сауда баждары мен АҚШ-тың мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы ұсыныстың артуына әкеледі деген болжамы бар. Ресейлік қаржы секторына қарсы жаңа санкциялардың енгізілуі аясында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылатын Ресей валютасы – рубльдің әлсіреуі жеделдеді. Салдарынан юань/рубль жұбының бағамы қараша айының басынан бері 11,2%-ға әлсіреп, бір юань үшін 15,1 рубльге жетті. Халықаралық Forex валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы бір доллар үшін 114,5 рубльден асты, бұл ретте рубль ай басынан бері 18%-ға әлсіреді", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейден асып түсуі аясында байқалды.
"Мәселен, осы жылдың қараша айында сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың қараша айынан (193 млн АҚШ доллары) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары. Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Ресми ақпаратқат сәйкес, тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.
Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді деп сендірді.

"Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді, оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылатын болады. Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын"¸- деп жазылған хабарламада.