Доллар тағы көтерілді – министр себебін айтты

0
210

Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болғандықтан, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етеді, дейді Байбазаров.


Доллар тағы көтерілді – министр себебін айтты

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары –ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының көтерілуіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгін үкіметте доллардың қайта көтерілуіне қатысты арнайы брифинг өтті. Оған қатысқан ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров шетел валютасының күшеюіне себеп болған негізгі факторларды атады.
"Ұлттық валютаның айырбас бағамын түзету іргелі сыртқы факторлардың әсерінен ғана туындайтын құбылыс екенін атап өткен жөн. Олардың ішінде негізгі үшеуін бөліп көрсетуге болады. Бірінші фактор – соңғы айларда доллар индексінің жаһандық нығаюы. кінші фактор – әлемдік мұнай бағасының төмендеуі. Ал соңғы маңызды фактор – Ресей рублінің әлсіреуі. Ресей біздің негізгі сауда серіктесіміз екенін ескерсек, рубль бағамының құбылуы теңге бағамына әсер етуі мүмкін", - дейді Байбазаров.
Оның айтуынша, осындай жағдайда азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге теріс әсерін азайту үкіметтің басты міндеті саналады.
"Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру әрі барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады. Бұл үшін үкіметте ресурстар мен құралдар жеткілікті", - деп түйіндеді министр.
Айта кетері, өткен аптада доллар күрт көтерілді. Салдарынан ұлттық банкке интервенция жасауға тура келді. 16 қарашадан бері банк резервінен 1 млрд доллар бөлінді.