Дүкеннен аңдыған: Елордалық келіншекті үйге кіреберісте тонап кетті

0
396

Полиция күдіктінің кім екенін көп ұзамай анықтады.


Дүкеннен аңдыған: Елордалық келіншекті үйге кіреберісте тонап кетті

ERNUR.KZ. Елордада қарақшы көпқабаттың үйдің кіреберісінде әйелдің мойнындағы алтын алқасын жұлып алған, деп жазады ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметі бойынша, күдікті Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.

«Жәбірленушінің айтуынша, қаскүнем оған Сығанақ көшесіндегі үйдің кіреберісінде шабуыл жасап, мойнындағы алтын алқаны жұла қашқан. Әйел қарақшыны көріп, оның сыртқы сипатын есте сақтап үлгерген. Полиция күдіктінің кім екенін көп ұзамай анықтады. Жедел-іздестіру шаралары кезінде сақшылар күдіктіні ұстады. Ол елордада уақытша тұрып жатқан 28 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Әуелі полиция қызметкерлері күдіктінің оқиға орнында Nissan Cefiro көлігін тоқтатып, сонымен қашып кеткенін анықтайды. Күдікті мінген көлік Қорғалжын тасжолы мен Айтматов көшесінің қиылысында ұсталған. Тонаушы қылмыстың ізін жасыру үшін қолындағы әшекей бұйымды орындықтың астына тыққан.

«Ол кейін жәбірленушіні дүкенде тұрғанда байқағанын, алқасын тонау туралы ой сол кезде пайда болғанын мойындады. Әйелдің ізінен аңдып, ұрымтал тұсқа келгенде алқаны жұлып қашқан. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Үстінен «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген ресми мәліметте.