Джеки Чанның Алматыға келу себебі белгілі болды

0
87

Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті.


Джеки Чанның Алматыға келу себебі белгілі болды

Фото: salem.entertainment

ERNUR.KZ. Salem Entertainment мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады, деп жазады inbusiness.kz.

Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады.

– Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтуде. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда! – делінген хабарламада.