Дзюдошы Абиба Абужақыноваға сүйіктісі сөз салды

0
159

Спортшы сүйіктісінің бет-жүзін көрсетпесе де, бір құшақ раушан гүлін ұстаған ер азаматтың суретін жариялады.


Дзюдошы Абиба Абужақыноваға сүйіктісі сөз салды

Фото: instagram.com/abiba48

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Instagram парақшасында сүйіктісінің үйленуге ұсыныс жасағанын жария етті, деп жазады stan.kz.

Спортшы сүйіктісінің бет-жүзін көрсетпесе де, бір құшақ раушан гүлін ұстаған ер азаматтың суретін жариялады.

“Иә” дедім”, – деп жазды Абиба.

Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Арасында алдағы олимпидаға қатысу туралы сұрағандар да болды.

“Бақытты болыңдар”, “Бақытты да мұңсыз бол, қазақтың маңдайына біткен батыстың жарық жұлдызы”, “Құтты болсын бақытты болыңыз”, “2028 жылғы олимпиаданы күтпедің бе”, “Спорт бітті ме? Әрі қарай келіндік қызмет бола ма?”, “Олимпиада чемпионы атанбай тұрмыс құрмаймын деп едіңіз ғой”, – деп сұрап жатты желідегілер.

Абиба сауалдардың біріне “Бұйырса барамын” деп жауап берді.